Ақтөбеде жүк көлігі мен екі жолаушылар автобусы соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жүк көлігі мен екі жолаушылар автобусы соқтығысты

03.06.2022

Оқиға қала іргесіндегі Жаңақоныс елді мекені тұсында болған.

Жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып аялдамада тұрған 21-ші бағыттағы автобусты соққан. Қоғамдық көлік екпінімен барып тағы бір автобусқа соғылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 2 автобуста 80-ге тарта жолаушы болған. Оншақтысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Хабарламаларға жазылу