Ақтөбе облысында коменданттық сағат уақыты өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында коменданттық сағат уақыты өзгерді

09.01.2022

Ақтөбеде өткен түнде коменданттық сағат талабын бұзған 89 адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың 32-сіне айыппұл салынды. Бұл туралы облыстағы комендант Қанат Әлиев айтты.

Сондай-ақ бүгін аймақта коменданттық сағат уақыты өзгерді. Енді көшеге түнгі 23.00-ден таңғы 07:00-ге дейін шығуға болмайды. Бұған дейін далаға түнгі 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін шығуға тыйым салынған еді.

Қазір Ақтөбе облысында барлығы 10 блок бекет тұр. Олардың 3-еуі қаланың кірберіс жолдарында, қалғаны аудандарда тұр.

Жалпы, алғанда, өңірде жағдай тұрақты. Ақтөбеліктер қалыпты өмірге оралды. Облыс және аудан әкімдіктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өңірде дәрі-дәрмек, азық-түлік қоры жеткілікті. Теміржол вокзалы мен әуежай қалыпты жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көлік жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу