«Келіннің» уақыты өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келіннің» уақыты өзгерді

30.01.2014
«Келіннің» уақыты өзгерді
 
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан дүйсенбі-жұма аралығында көрсетіліп жатқан үндінің «Келін»телехикаясы көрерменін тапқан телетуынды.
 
Фильмдегі келіннің ибалылығы, үлкеннің алдын кеспей, сөзіне құлақ асуы, дәстүрді дәріптеуі – қазаққа да жақын болғандықтан, халық жылы қабылдады.
 
Көрермендердің сұрауы бойынша, 3 ақпаннан бастап, енді «Келінді» Ұлттық арнадан 16.10-да тамашалай аласыздар. Ал күндізгі көрсетіліміне үлгермей қалсаңыз, қайталауын түнгі 01.55-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу