Алматы әуежайы штаттық режимде жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмысын бастады

19.01.2022

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмысын бастады. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. Десе де нысанның аумағына көлікпен кіруге уақытша шектеу қойылып отыр. Бүлік кезінде лаңкестер әуежайды басып алған еді.

13 қаңтардан бері жұмысын жалғастырған әуежай коменданттық сағатқа байланысты сағат таңғы 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеген. Айта кетейін, Алматы қаласы мен Алматы облысында террористік қауіптің «қызыл» деңгейі әлі де сақталады.

Сонымен қатар Алматыда қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзартылды. Автобустар мен троллейбустар таңғы сағат 06:00-дан 23:00 аралығында жолаушылар тасымалдайды. Ал метрополитен сағат 06:00-ден түнгі 12 аралығында тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу