Батыс Қазақстан облысында жол бойына блокбекеттер қойылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында жол бойына блокбекеттер қойылып жатыр

07.01.2022

Батыс Қазақстан облысында жол бойына блокбекеттер қойылып жатыр. Қаланың кіре беріс жолдарында полиция қызметкерлері күзетте тұр. Ақтөбе, Атырау облыс аралық тас жолдары жабылды. Полиция қызметкерлері шеттен деструктивті топтардың кіруіне жол бермеу үшін, көліктерді жіті тексеріп жатыр. Блокбекеттен тек дәрігердің көмегіне мұқтаж және жұмыс бабымен келген тұрғындардың өтуіне ғана рұқсат.

Кеше түнде коменданттық сағат талабын сақтамаған 38 адам ұсталды. Қазір орталық алаң мен облыс әкімдігі ғимараты қоршаулы тұр. Күштік құрылымдар күзетте. Сарбаздарға еріктілер ыстық тамақ үлестіріп жатыр. Қоғамдық көлік тоқтаған жоқ. Ал газ құю бекеттерінде сұйытылған отын талонмен беріліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу