Үкіметтік комиссия белсенді топ мүшелерімен келіссөз жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік комиссия белсенді топ мүшелерімен келіссөз жүргізуде

04.01.2022

Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия белсенді топ мүшелерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Отырысқа қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылауда.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Әзірге келіссөздер жалғасуда. Үкіметтік комиссия белсенді топ мүшелерімен қалыптасқан жағдайды талқылап жатыр. Бұған дейін осы мәселеге қатысты Мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділерінен тұратын қоғамдық штаб құрылғанын айтқан болатынбыз. Олар бұқараның талап-тілегін үкіметке жеткіземіз деп мәлімдеме жасады.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Елдің бірлігі, халықтың тыныштығы Маңғыстаудың амандығы - барлығымыздың ортақ абыройымыз, ағайын. Қоғамдық штабтың негізгі мақсаты – елдің талабын Үкімет комиссиясына жеткізіп, сұйытылған мұнай газ мәселесін шешуге атсалысу. Біз осыған жұмыстанамыз.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Естеріңізге сала кетейік, өңірде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты бірнеше күннен бері тұрғындар наразылық білдіруде. Олар газ құнын 50 теңгеге дейін түсіруді талап етіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу