Үкіметтік комиссия төрт нақты шешім қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік комиссия төрт нақты шешім қабылдады

05.01.2022

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов маңғыстаулықтарға видеоүндеу жасады. Ол Президент тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссияның төрт нақты шешімін жариялады.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Біріншіден, сұйытылған газдың литрі 50 теңге болып бекітілді. Облыстың қалалары мен аудандарында газ құнының мөлшерін саралау «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының есебінен жүзеге асырылатын болады. Екіншіден, қазіргі уақытта біздің берген уәдемізге сәйкес, интернет ресурстары іске қосылды. Үшіншіден, құқық қорғау органдарының наразылық акцияларына қатысушыларды қудаламауы туралы сол жерде әңгіме болды. Ол және нақты қабылданған шешімге байланысты жүзеге асып жатыр. Төртіншіден, Қаражамбас кен қорының вахта жұмысшыларын Ақтау қаласына тасымалдау туралы осы комиссияға қатысқан азаматтардың нақты ұсыныстары болған. Ол да бүгінде нақты шешімін тапты. Сонымен қатар, өзге де әлеуметтік сұрақтар алдағы уақытта міндетті түрде қаралады. Ол мәселелердің шешімі Мемлекет басшысының тікелей қадағалауында.


Хабарламаларға жазылу