Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

17.08.2015
Алматы облысында   жол апатынан 6 адам қаза тапты

Алматы облысында жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты.

Шеңгелді кентінің маңында «Алматы-Өскемен» тасжолының 112-ші шақырымында «Mercedes-Benz» және «Opel Zafira» көліктері соқтығысқан.

Оқиға салдарынан алты адам мерт болды, бесеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу