Испанияның Пальма аралында вулкан лавасы әлі төгіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның Пальма аралында вулкан лавасы әлі төгіліп жатыр

23.11.2021

Испанияның Пальма аралында вулканның отты лавасы өзен тәрізді төмен қарай әлі төгіліп жатыр. Ол Атлант мұхитына құйылады.

Айта кетсек, бұл жанартау қыркүйектің ортасында оянып, осы күнге дейін 2 мыңдай ғимарат пен үйді қиратқан. Және де 7 мыңдай адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Рейтердің хабарлауынша, зардап шеккен тұрғындарға көмекке үкімет 225 миллион еуро бөлетінін жариялап отыр.

Хабарламаларға жазылу