Испанияда вулкан атқылап жатқан Пальма аралында жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда вулкан атқылап жатқан Пальма аралында жер сілкінді

04.10.2021

Бүгін Испанияның вулкан атқылап жатқан Пальма аралында жер сілкінді. Зілзаланың қуаты 3 баллға жеткен. Ал, жанартау кратері бұзылғандықтан, одан төгіліп жатқан лаваның көлемі тіпті үлкейді. Дегенмен, жергілікті үкімет халықты эвакуацияламайтынын мәлімдеп отыр. Өйткені, отты көшкін Атлант мұхитына бұрынғы жолмен төгіліп жатыр. Екі апта бұрын ояннған вулкан бүгінге дейін мыңнан астам ғимаратты қиратқан. Солардың көбі – үйлер. Және де 34 шақырым жол зақымданып, 400 гектардай жер лаваның астында қалған.


Хабарламаларға жазылу