Испанияда вулканның лавасынан бірнеше үй жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда вулканның лавасынан бірнеше үй жанып кетті

19.10.2021

Испанияның Пальма аралында вулканның лавасынан бірнеше үй өртеніп кетті. Бұл жанартау қыркүйектің 19-да оянып, содан бері 750-гектарға жуық аумақты күлге айналдырды. 2 мыңдай ғимаратты жойған. Оның қашан сөнетінін ғалымдар айта алмай отыр. Вулканнан атқылаған от пен күл тіпті көбейген. Қауіпке байланысты аралдың 7 мыңдай тұрығыны эвакуацияланды. Испания Ұлттық географиялық институтының хабарлауынша, өткен аптада мұнда қуаты 4 жарым балдық жер сілкінісі болды.


Хабарламаларға жазылу