Петропавлда үйінде есірткі жасап сатқан күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда үйінде есірткі жасап сатқан күдікті ұсталды

10.12.2021

Теріскейлік тұрғыннан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді.

Із кесушілер күдіктіні 4 ай бойы аңдыған. Тінту кезінде оның үйінен «мефедрон» және «экстази» есірткілері табылған. 22 жастағы жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол есірткі әзірлеп сатқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Иван Терзиди, СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

Сараптама нәтижесі тәркіленген ұнтақтың синтетикалық психобелсенді зат – «мефедрон» екенін көрсетті. Бұл - кокаинның баламасы. 500 доза – аса ірі көлемге жатады. Ал таблеткалар «экстази» атауымен танымал есірткі екені анықталды.


есірткі

Хабарламаларға жазылу