Алматыда жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

13.07.2022

Алматыда синтетикалық есірткіні қолдан жасап, оны интернет арқылы сатқан екі күдікті ұсталды.

Жасырын ірі зертхананың көзі жойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Алматы қаласы мен маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекУрсор мен зертханалық жабдық тәркіленген. Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.

Аталған фактіге байланысты тергеу басталды.


Хабарламаларға жазылу