Ақмола облысында спорт жаттықтырушысы есірткі сатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында спорт жаттықтырушысы есірткі сатқан

05.09.2023

Ақмола облысында есірткі сатқан спорт жаттықтырушысы ұсталды. Жедел іздестіру барысында полицейлер Жібек жолы кентіндегі жолдың бойындағы автокөлікті тоқтатқан. Темір тұлпарды 37 жастағы Астана қаласының тұрғыны тізгіндеген. Құқық қорғаушылар жүксалғыштан полиэтилен пакеттеріне салынған 40 келі гашиш есірткісін тапты. Сондай-ақ, сол күні тәртіп сақшылары елорда маңындағы ауданда өз үйінде есірткі сатқан 36 жастағы ер адамды қолға түсірді. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында 15 келі есірткі табылып, тәркіленді.  


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу