Қарағандыда үш жұмысшы күйіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда үш жұмысшы күйіп қалды

10.01.2020

Қарағандыда бүгін сағат күндізгі бірлерде жылу магистралінің жерасты құбыры жарылды. Салдарынан «Теплотранзит Қарағанды» серіктестігінің үш жұмысшысы күйіп қалды. Оларға жедел медициналық жәрдем көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Біреуі жансақтау бөлімінде. Жарылған құбыр қаладағы бірнеше көшенің жылу торабымен түйісетін-ді. Апат орнында 6 бригада мен 11 техника жұмыс істеп, 4 сағат ішінде жағдайды қалпына келтірді. 

Хабарламаларға жазылу