Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті

30.11.2021

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті. Онда қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарға психологиялық көмек көрсету бойынша еліміз бен Комитет арасындағы өзара ықпалдастық талқыланды.

Мемлекет басшысы қазақстандық әскерилердің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты. Ал Петер Маурер еліміздің ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.


Хабарламаларға жазылу