Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Книжевск су қоймасы бөгетінің бір бөлігі жарылып, жолды шайып кетті. Оқиға түнгі 23.00 шамасында болған. Мыңбаев ауылының маңында орналасқан су қоймасының жалпы көлемі 4,5 млн текше метр. Апат болған сәтте оның тек жартысы ғана толған дейді, мамандар. Ал пайда болған жарықтың көлемі 5-6 метрдей. Секундына 30 текше метр жылдамдығымен су Қарғалы өзенінің арнасына қосылып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Ғимараттар да бүлінбеген.
Айбек Жанаев, Жамбыл аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшысы:Қазіргі таңда су деңгейі төмендеді. Секундына 5-6 текше метр жылдамдықпен ағып жатыр. Облыстық маңызы бар жолдың үстімен аққан су 30 метрге дейін жайылып, тереңдігі 5 сантиметрге жетті.
Қуаныш Қанатұлы