Алматы облысында Книжевск су қоймасы бөгетінің бір бөлігі жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Книжевск су қоймасы бөгетінің бір бөлігі жарылды

22.11.2021

Оқиға түнгі 23:00 шамасында болған. Мыңбаев ауылының маңында орналасқан су қоймасының жалпы көлемі төрт жарым млн. текше метр. Апат болған кезде бөгеттің тек жартысы ғана толған. Ал, пайда болған жарықтың ұзындығы бес, алты метрдей. Секундына бес текше метрдей су Қарғалы өзенінің арнасына қосылып жатыр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Сондай- ақ ғимараттар да бүлінбеген. Су тек Қасымбек Мыңбаев жолын ғана шайып кеткен. 

Хабарламаларға жазылу