«Далалық Еуразия металлургиясы» халықаралық конференциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Далалық Еуразия металлургиясы» халықаралық конференциясы басталды

18.11.2021

Елордада Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Далалық Еуразия металлургиясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Ежелгі технолгияларды зерттеу мен репрезентациялау тәжірибесіне арналған шарада ғылыми ұжымдардың монографиялары тыңдалды. Олардың арасында жаңадан құрылып жатқан «Бозоқ» тарихи-мәдени қорық-музейі мен Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының мамандары және танымал этнологтар бар. Ғалымдар ел аумағынан табылған алты бірдей ірі метал өңдейтін тарихи орындар жайлы тың деректерін ортаға салды. Төрт мың жыл бұрын жергілікті тұрғындардың қолымен жасалған металл қорыту технологиясы әлі күнге дейін маңызын жоймаған. Әрі жыл сайын деректер жаңарып, ғылыми айналымға еніп келеді

Зейнолла Самашев, археолог:

Қазақ даласындағы ең алғашқы металургтардың атқарған жұмыстары - технологиялары және әлемдік технологияға қосқан үлестері. Неше түрлі ғылыми танымдық мәселе бар, осылардың бәрінің басын ашып, зерттеп, пікір алмасып, ғалымдар жан-жақтан шақыртылып, осындай жұмыстар жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу