Көкшетауда өрттен саяжайдағы 16 үй жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда өрттен саяжайдағы 16 үй жанып кетті

11.05.2021

Көкшетауда өткен демалыста алапат өрт болып, саяжайдағы 16 үй жанып кетті. Жалпы 5 гектар аумақ қызыл жалынға оранды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын-ала болжам бойынша өрттің шығуына қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған. Далада қоқыс жаққан, кейін қурап тұрған шөпті от шарпыған. Шығын көлемі есептеліп жатыр. 

Ермек Елберген 

көкшетау

Хабарламаларға жазылу