Қазақ елі академик Серік Қирабаевты ақтық сапарға шығарып салды
Бүгін қазақ елі академик, асыл сөздің абызы Серік Қирабаевты ақтық сапарға шығарып салды. Сөз сардары 95 жасына қараған шағында дүниеден озды. Көрнекті әдебиеттанушымен қоштасуға белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, үзеңгілес достары мен шәкірттері жиылды. Ғалым елорда маңайындағы Ұлттық пантеонда мәңгілік жай тапты. Серік Қирабаев саналы ғұмырында қазақ әдебиетін терең зерттеп, ұлттық қазынамызды ұлықтауға еңбек етті. Қырықтан астам монографияның, 800-ден астам әдебиет сыны, теориясы жөніндегі мақаланың авторы. Күні кешеге дейін мектеп қабырғасында оқытылған «Қазақ әдебиеті» кітабының авторы.
Сауытбек Абдрахманов, Қазақстан республикасы парламентінің мәжіліс депутаты:
С.Қирабаевтың оқулығы арқылы жүздеген адамдар әдебиетке құмартты. Сол жүздеген адамдардың ішіндегі ондаған адам 20-ғасырды қазақ әдебиетінің алтын ғасырына айналдырды. Осының барлығына Сер ағаңның сырлы сөзі, терең сөзі септесті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29