Павлодар өңірінде құс тұмауының ошағы тағы бір елдімекенде анықталды. Бұл жолы облыс орталығына қарасты Павлодарское ауылында қаз, үйрек қырылды.
Былтыр дәл осы кезде аймақта вирус өршіп, 31 мыңнан астам құс жойылған болатын. Тұрғындар күніне оншақты өлген құсты сыртқа шығарып тастайды. Осылайша бір аптаның ішінде қорада құс қалмаған.
Күркетауықтың нарықтағы бағасы 12 мың теңге. "Биыл жем қымбаттап, шығынға әбден баттық. Ал өлген құсқа берілетін өтемақы 5 мың теңге ғана." Тұрғындар осылай деп наразылығын жеткізді.
Зульфия Тамамбаева, Павлодарское ауылының тұрғыны:
Биыл қаздың балапанын 2300 теңгеден сатып алдық. Ол өскенше қанша шығын кетеді? 20 қаз, 28 күркетауық, 21 тауық және 19 шөже. Бұл сатуға емес, өзімізге азық ретінде ұстап отырған құстарым еді. Бес-алты күнде бәрінен айырылдым.