Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді

17.06.2021

Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді. Айыртау ауданында табылған жабайы қаз-үйректердің өлексесінен сараптама алынып, нәтижесінде құс тұмауынан қырылғаны анықталды. Әзірге карантиндік шаралар енгізілмейді. Өткен жылы теріскейде үй құстары жаппай ауырып, салдарынан 500 мыңнан астам қанатты қырылып қалған еді. Биыл жұқпалы дертқа қарсы вакциналау жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін 1,5 млн құсқа екпе салынады. 

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу