Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді

25.10.2021

Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді.

Бұл жолы ауру ошағы Тимирязев ауданында анықталды. Дружба ауылында 230 қаз-үйрек пен тауықтың өлексесі өртелді. Иелеріне өтемақы төленеді. Қыркүйек айында М.Жұмабаев ауданының Лебяжье ауылында да құс тұмауы тіркеліп, мыңнан астам қанатты қырылып қалған еді. Биыл өңірде қауіпті инфекцияға қарсы 1 млн дозадан астам вакцина бөлінді.

Қайырлы Қазанов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Ауыл әкімінің шешіміне сәйкес 1 аулада шектеу шаралары енгізілді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық референттік орталықта жасалған сараптама құс тұмауын растады. Аталған елді мекенде жыл басынан 2500-ге жуық құсқа вакцина салынды. Жағдай мамандардың бақылауында.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу