Жамбыл облысында да құс тұмауы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында да құс тұмауы тіркелді

29.09.2020

Жуалы ауданындағы Қаратас елді мекеніндегі шаруашылық құстарынан алынған сынамалар оң нәтиже көрсеткен. Қазір Қаратас ауылынан бөлек орналасқан шаруашылық карантинге жабылып, тазаланып жатыр. Ондағы 360 үй құсы өртенген. Ал ауру ошағынан елу шақырымға дейінгі жердегі үй құстарына ауруға қарсы екпе салынып жатыр. Мамандардың мәліметінше, ауру ошағына жақын маңдағы үй құстарына 44 мыңнан астам вакцина еккен.

Талғат Қожабергенов, облыс әкімдігі ветеринария басқармасының бөлім басшысы: Карантин қойылған жерде Қаратас ауылында эпизотиялық отряд жұмыс жүргізді. Қорытынды дизинфекциясы әлі жасалған жоқ. 21 күн карантин. Егер 21 күн ішінде басқа ауру мал анықталмаса, құстың шығыны болмаса, қортынды дизинфекция жасалып карантин алынады.

Хабарламаларға жазылу