Түркістанда басынан алған ауыр соққыдан бесінші сынып оқушысы қайтыс болды. Рамазанның туыстары оны мектептегі әлімжеттіктен көз жұмды деп отыр.
Әжесінің айтуынша, бала қайтыс болардың алдында әжетханада сыныптасы ұрып-соқты деген. Дәрігерлер де марқұмның басынан ауыр соққы алғанын растап отыр.
Қазір мектептегі жағдай ушығып тұр. Ата-аналардың бір тобы білім ошағында әлімжеттік өршіген десе, екіншілері оны жоққа шығарғысы келеді. Ал, «әлімжеттік жасады» деген оқушының жақындары «баламыз кінәлі емес» деп жатыр.
Мектеп басшылығы не дейді? Директоры «бала ауырып тұрмын» деп медпунктке бармады, дейді.
Әжесі көзінің жасын тыя алар емес. Рамазан туғаннан осы кісінің қолында өсіпті. Қазір оқиға бойынша тергеу басталған. Сот медициналық сараптама тағайындалған.