Испанияның Ла-Пальма аралында үш апта бойы жанартаудан лава тоқтамастан төгіліп жатыр. Отты көшкін 600 гектарға жуық аумаққа тарады. Сондықтан, 83 мың тұрғыны бар аралда 6 мыңдай адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Және де 1200-дей ғимарат қирады. Бұған қоса, жанартаудан аққан ыстық лавадан жергілікті зауыттардың бірі өртенген. Осыған байланысты билік тұрғындарға кәсіпорыннан тарап жатқан улы түтіннен сақтану қажеттігін ескертіп отыр.
Арай Төлегенқызы