Пальма аралында басталған вулкан лавасы Атлант мұхитына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пальма аралында басталған вулкан лавасы Атлант мұхитына жетті

29.09.2021

Испанияның Пальма аралын ойрандаған вулканның қып-қызыл лавасы өткен түні Атлант мұхитына төгіле бастады. Суға жету үшін отты көшкін тоғыз күн бойы жүріп, жолында талай ғимарат пен егістік алқаптарын күлге айналдырған. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, жанартаудың теңізге құйыла бастаған лавасынан жарылыстар басталып, ауаға улы газ тарауы мүмкін. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

19 қыркүйекте оянған вулканның отты ағыны 600-ге жуық үй мен банан плантацияларын жойып, мыңдаған адамды қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр етті. Пальма апатты аймақ деп жарияланып, үкімет зардап шеккен тұрғындарға үй мен жиһаз және басқа да заттарды сатып алу үшін 10 жарым миллион еуро бөлетінін жариялап отыр.


Хабарламаларға жазылу