АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 700 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 700 мыңнан асты

06.10.2021

АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 700 мыңнан асты. Осыған орай Вашингтондағы Ұлттық кафедралдық соборда 700 мәрте қоңырау соғылды. Құрама Штаттардың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының дерегінше, қазанның 4-де бұл елде ковидтен қаза тапқандар қатары 700 мыңнан асқан. Айта кетсек, бұл мемлекетте осы аурудан көз жұмғандар саны маусым айында 600 мың адамға жеткен еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу