Коронавирус құрбандарының саны 4 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус құрбандарының саны 4 мыңнан асты

10.03.2020
Коронавирус құрбандарының саны 4 мыңнан асты

Әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны 4009-ға жетті. 112 747 адам қауіпті вирусты жұқтырған. 63656 адам емделіп, ауруханадан шығарылған.

Қытайдың 31 провинциясында 80754 адам дертке шалдыққан. Оның 3136-ы індеттен көз жұмды. Қазіргі уақытта 17721 адам ауырып жатыр, 4794-і ауыр халде. 59897 науқас ауруханадан шығарылған.

Италияда COVID-2019 вирусынан 463 адам қайтыс болған. Елде 9172 жұқтыру дерегі тіркелген. 

Иранда 6566 адамға коронавирус жұқтырды деген диагноз қойылды. Оның 237-і көз жұмған. Соңғы 2-3 күнде дерке шалдығу көрсеткіші едәуір төмендеген. Вирустың таралуының алдын алу үшін елдегі мектептерде Наурыз мерекесіне дейін сабақтар уақытша тоқтатылды.

Моңғолия мен Панамада коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Моңғолияда инфекция 2 наурызда Мәскеу-Ұланбатыр бағытындағы ұшақпен келген Франция азаматынан анықталды. Ал Панадама Испаниядан келген 40 жастағы әйелдің дертке шалдыққаны белгілі болды.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу