Мәйітті ашуды қажет етпейтін технология елімізге жеткізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәйітті ашуды қажет етпейтін технология елімізге жеткізілмек

30.09.2021

Бүгін отандық сот сарапшылары мен патолог мамандарына мәйітті сканерлеп тексеретін технология таныстырылды. Пандемия уақытында медициналық клиникалар мен мәйітханалаларға жүктеме артқан. Әрі мүрдені ашып, тексеру бес сағатқа созылады. Ал, мәйітті зерттеудің осы әдісі сот-медициналық сараптамаларды шұғыл жүргізуге мүмкіндік береді. Небары 15 минуттың ішінде. Қазір медициналық кешенді елге жеткізу мен онымен жұмыс істей алатын мамандарды даярлау мәселелері қарастырылып жатыр. Жаңа технология шариғат шарттарына да сай келеді. Себебі, мәйітті тереңірек зерттеп, күттірмей жерлеуге мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу