Назарбаев Зияткерлік мектептері үздіктер қатарында көш бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Зияткерлік мектептері үздіктер қатарында көш бастап тұр

27.09.2021

Халықаралық зерттеулер нәтижесіне сәйкес, Назарбаев Зияткерлік мектептері оқу сауаттылығы бойынша әлемде алғашқы ондыққа енген. Бұл туралы Елбасының қабылдауында болған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова айтты. Сондай-ақ ол еліміздегі зияткерлік мектептердің қазіргі жағдайы мен алдағы даму жоспары туралы баяндады. Тұңғыш Президент 2008 жылдан бері республика бойынша жиырмадан астам жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған балалар үшін үлкен демеу болғанын атап өтті. Осыған дейін аталған білім ұяларын 14,5 мыңнан астам бала бітіріп, отандық және шетелдердің ең озық университеттеріне түсті. Сонымен қатар Елбасы Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі құрылысының барысы жайлы сұрады. Оқытудың жаңа әдістемелерін енгізу, еліміздегі басқа да оқу орындарына Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибесін тарату бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есепті тыңдады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу