Үздіктер өзара бақ сынайды

19.11.2015
Үздіктер  өзара  бақ  сынайды
Үздіктер  өзара  бақ  сынайды


Қарашаның 19 күні Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары арасында жыл мұғалімін анықтауды мұрат тұтқан байқау басталады. «Жылдың үздік ұстазы-2015» байқауы осы бағытта ұйымдастырылған үшінші шара.

«Жылдың үздік мұғалімі» байқауы «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДБҰ бастамасымен ұйымдастырылады. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын дода биыл үшінші рет өткізілуде. Оған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мектепішілік кезеңнен сүрінбей өткен 18 ұстазы қатыспақ.
Байқау бірнеше кезеңдерден тұрады. Жарыстың бірінші күні, ашық сабақтар өткізілсе, екінші күні 20 қарашада ақтық кезең өтіп, жеңімпаздар марапатталады.

Байқау зияткерлік мектептердің дарынды ұстаздарын және үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, мұғалімнің жеке дамуын ынталандыру, оқытуда инновациялық тәжірибелерді пайдалануды қолдау, Зияткерлік мектептердің үздік ұстаздарына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жалпы, Назарбаев Зияткерлік мектептері еліміздегі орта білім беру саласындағы ең үздік мекемелердің қатарына кіреді. Бүгінде бұл мектептердің базасында еліміздің педагогтары Кембридж университетінің тәсілімен біліктіліктерін арттыруда. Ал, зияткерлік мектептерде дәріс беретін ұстаздар ең білікті, тәжірибелі, заман талаптарына толық сәйкес келетін мұғалімдер болып есептеледі. «Жылдың үздік ұстазы-2015» байқауы болса осы саңлақтардың арасынан үздіктерді іріктемек.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу