Бүгін - Білім күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Білім күні

01.09.2015
Бүгін - Білім күні

Білім беру ісіне жауапты мамандардың мәліметінше, биыл 7 жарым мың мектепте екі миллион алты жүз мыңнан астам оқушы білім алады.

Олардың 336 мыңы бүгін  алғаш рет қоңырау үнін естіп, бірінші сынып табалдырығын аттағалы отыр. Жазда елдегі 250 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Қыркүйектен бастап  еліміздегі отыз озық мектеп жаңа стандартқа көшеді. Жаңа бағдарламаны жүзеге асыратын әуелі Назарбаев Зияткерлік мектептері.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу