Әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін заң әзірлеу керек - Ерлан Сайыров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін заң әзірлеу керек - Ерлан Сайыров

27.09.2021

«Әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін заң әзірлеу керек. Бұл дамудың кезекті деңгейіне өту үшін қажет. «Астана медиа уик» алаңында мәжіліс депутаты Ерлан саиров осылай деді. Оның ойынша, әлеуметтік желі азаматтардың проблемасын билікке тікелей айтатын тура жол. Сонымен қатар, желіде адамның ар-ожданына тиісу секілді заңға қайшы әрекеттер жүзеге асады. Қазір, Германия, Франция, Түркия мемлекеттері әлеуметтік желіні реттеу жөніндегі заңды әзірлеп жатыр. Оның негізгі мақсаты желідегі контентті реттеп отыру.

 Ерлан Саиров, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

Заңға қайшы келетін. Экстремизм насихаттайтын, адамдардың жеке басына тиісетін болса оны алып тастау. Екінші, мемлекеттің әлеуметтік желіні реттеудегі миссиясын жоғарлату. Қазақстанға да ондай заң керек. Әрине талқылануы керек. 

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, мемлекеттік БАҚ-тың интернеттегі – әлеуметтік желілер, видеохостингтер және мессенджерлердегі жұмысын белсенді түрде кеңейту жүріп жатқанын атап өтті. Мәселен, Қазақстан телерадиокорпорациясы жобаларының YouTube-дегі көрілімі 6 айда 300 млн-ға жеткен.


Хабарламаларға жазылу