Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысына қатысты. Мәскеуде өткен жиында өңірлік қауіпсіздік саласындағы ахуал талқыланды. Арменияның 2021-2022 жылдары ұйымға төрағалығының қорытындылары мен Беларусьтың алдағы төрағалығы кезіндегі басымдықтар туралы ақпарат тыңдалды. Мәжіліс спикері өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін түрлі қауіп-қатерлер мен қақтығыстардың өзекті болып отырғанына назар аударды. Терроризммен күрес саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестіруге мүмкіндік беретін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» жаңа модельдік заңын әзірлеуді ұсынды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Терроризм қауіпсіздік пен тұрақтылыққа үлкен қауіп төндіреді. Ол заңсыз көші-қонның, трансшекаралық қылмыстың, заңсыз қару-жарақ пен есірткі тасымалының артуына ықпал етеді. Бізге осы сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұрудың нақты құқықтық тетіктерін қалыптастыратын Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы елдерінің модельдік заңнамасының сапалы базасын қамтамасыз ету керек.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Парламенттік Ассамблеяда терроризмге қарсы заң әзірлеу ұсынылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/168075/)