Полиция қызметі қағазбастылықтан арылып, біртіндеп технологияларға бет бұруда. Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында құқық қорғау органдары мобильдік қосымшаларды пайдаланып жатыр. Тек бір ғана учаскелік полиция инспекторының ватсап чатына азаматтардан күніне ондаған шағым келіп түседі. Чатқа жіберілген шағымдар тәртіп сақшыларының бұзақыларды ізін суытпай табуға мүмкіндік береді.