Полиция халыққа ашық әрі жақын болуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция халыққа ашық әрі жақын болуы тиіс

12.03.2019

Полиция халыққа ашық әрі жақын болуы тиіс. Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың басшылығымен, сондай-ақ, қоғам өкілдерінің қатысуымен арнайы кеңес өтті.

Жиында Ішкі істер министрлігін реформалаудың жол картасы негізінде жең ұшымен жалғасқан жемқорлықпен күресті күшейтудің тетіктері талқыланды. Мақсат – полицейлер арасындағы сыбайлас жемқорлықты тазарту. 

Яғни, сауатсыз әрі қарақан басын ойлайтын қызметкерлер Ішкі істер министрлігінің сапынан аластатылады. Осылайша, ведомство жұмысты жандандырып, халықпен кері байланысты күшейтпек. Жоба әлі де жан-жақты таразыланып, қоғамның ұсынысы сарапқа салынады. Тек содан кейін барып, құжат бектілетін болады.  

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі, ІІМ ресми өкілі:

Көшедегі камералар, болмаса қызметкерлердің кеудесіндегі камералар арқылы бақылау күшейеді. Кез келген оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп, егер қызметкердің кінәсі дәлелденіп жатса, оны жұмыстан қууға дейін қатаң жаза қолданатын боламыз. Қылмыспен күресуден бұрын жемқорлықтың алдын алуға мән береміз.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу