Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар ұрланған малды Ақтөбе мен Қандыағаш қаласының базарларына өткізіп отырған.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 6 адамнан тұратын топтың Мұғалжар ауданының аумағында жасалған осындай 5 іске қатысы бары дәлелденген. Күдіктілер кезекті ұрлық кезінде қолға түсті. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жақсылық Кемал

Бөлісу