Алматыда 300 түп ағаш заңсыз кесілген
Алматыда 300 түп ағаш заңсыз кесілген. Жасыл-желектің оталып жатқанын байқаған қала тұрғындары құзырлы органдарға шағымданған. Белгілі болғандай, кәсіпкердің Керей мен Жәнібек хандар көшесіндегі 1,5 гектар аумақта ағаш кесуге рұқсаты болмаған. Оталған ағаштардың тұқымы мен түрлері әлі нақтыланбады.
Алдын ала дерек бойынша, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сиверс алма ағашы да болуы мүмкін. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша осы дерек бойынша арнайы сараптама тағайындалған. Рұқсатсыз ағаш кескен кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29