Талдықорған-Үштөбе тас жолының 41-ші шақырымында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі көлік соғылып, жүргізушілері оқиға орнында мерт болды. Тағы 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдай 12 қыркүйек күні кешкі жетілер шамасында болған. Жол-көлік оқиғасының себептерін арнайы топ анытауда.
Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы Облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
ҚР ҚК 345 бабы 4-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында жол апатының себеп-салдары анықталатын болады.
Сондай-ақ Павлодар облысында екі бірдей жол апатында үш адам қаза тапты. Алдын-ала мәлімет бойынша көлік жүргізушілері ұйықтап кеткен.
Ал бүгін таңғы 7-лер шамасында Жезқазған қаласында Мерседес маркалы автокөліктің жүргізуші 47 жастағы әйел мен оның бес жасар немересін қағып кетті. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қуаныш Қанатұлы