Оралда кәріз сорғысы бұзылып, су кестемен беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда кәріз сорғысы бұзылып, су кестемен беріліп жатыр

07.09.2021

Оралда кәріз сорғысы бұзылып, 70 мыңдай халқы бар Зачаган кенттік округі уақытша сусыз қалды. Қазір су кестемен беріліп жатыр. Жалпы есеппен 30 мың абонентке су беру 8 сағатқа тоқтатылды. Үйлер мен балалар ауруханасының жертөлесін кәріз суы басу қаупі төнді. Сорғы жөнделгеннен кейін су беру қалпына келтіріледі.

Әнуар Аркенов,  «Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры: 
Кәріз стансасында үш агрегаттың екеуі істен шықты. Себебі насос тұрмыстық қалдық, құырлыс материалдары, пластикалық бөтелке, т.б. заттармен бітеліп қалған. Қазір тек бір агрегат жұмыс істеп тұр. Суды тоқтатқан уақытта насосты тазалаймыз. Шамамен, бір тәуліктен соң су беру мәселесі шешіледі.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу