Жаңаөзенге ауызсу кестемен беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенге ауызсу кестемен беріліп жатыр

18.04.2022

Өйткені тіршілік нәрі тапшы. Сондықтан алдағы 4 ай бойы қалаға және маңындағы елдімекендерге су кезекпен беріледі. Тұрғындарға суды үнемдеп пайдаланудан басқа амал жоқ. Сондықтан жасыл желекті тамшылатып суарып, құдыққа су жинап қоюға кеңес береді мамандар. Қазір Жаңаөзенге тәулігіне 26 мың текше метр ауызсу берілуде. Бірақ, тұрғындардың сұранысы 30-32 мың текше метрді құрайды. Қалада ауызсу мәселесінің әзір шешілетін түрі жоқ. Тек Кендірлі демалыс аймағында су тұщыту қондырғысы салынса ғана тапшылық жойылмақ. Бірақ, оның құрылысы қашан басталатыны белгісіз.

Мақсат Сарыбаев,  «ӨЗЕНИНВЕСТ» МКК директорының орынбасары:
Егер су қоры жеткілікті болып жатса, ары қарай біз тұрғындарға беруге мүдделіміз. Артық суды жинап қоюдың ешқандай несі жоқ. Сондықтан кесте тек мәжбүрлі жағдайда су қорының жеткіліксіздігіне байланысты жасалып отыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу