Оралдағы Зачаган кентінде 30 мың отбасыға су әлі кестемен беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы Зачаган кентінде 30 мың отбасыға су әлі кестемен беріледі

10.09.2021

Оралда Зачаган кентті округіндегі 30 мың абонентке су әлі кестемен беріліп жатыр. Су түстен кейін сағат 3 пен кешкі 6-ның арасында және түнгі сағат 12-ден таңғы 6-ға дейін тоқтатылады. Тұрмыстық қалдықтарға толып бітеліп, бұзылып қалған кәріз сорғысының орнына уақытша агрегат орнатылып жатыр. Жұмысты аяқтауға әлі 3 күн керек. Ал жаңа насос тек шетелде тапсырыспен жасалады.

Әнуар Аркенов, «Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры: 
Бұрынғы бұзылған насос агрегаты біздің елде шығарылмайды. Шетелге тапсырыс беру керек. Оған 2-3 ай кетеді. Бір-біреуі 38 млн теңге. Бізге екі агрегат керек. Қазір орнына балама салып, уақытша амалдап жатырмыз. Жексенбіде жұмыс аяқталуы тиіс.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу