Теміртауда ауызсу кестемен беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда ауызсу кестемен беріліп жатыр

12.07.2023

Теміртау қаласында ауызсу кестемен беріле бастады. Тіршілік нәрі Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан Қарағанды арқылы келетін құбырмен беріледі. Бұл су торабы әбден шіріп-тозған. Онымен қажетті мөлшерде су жіберу мүмкін болмай отыр. Қазір құрышты қалада су кесте бойынша таңғы сағат 6:00-ден 10;00-ге дейін және кешкі 18:00-ден 23:00-ге дейін беріліп жатыр.

Жалпы ұзындығы 27 шақырым құбырдың биыл 5 шақырымы ауыстырылады. Су станциясы мен қалаішілік біраз құбырлар жөнделген. Биыл да Теміртауда жылу тораптарына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұған қоса кешелі бері өңірде күн 35-36 градусқа дейін ыстық болған соң, суға да сұраныс көбейді. Резервуарларды уақытылы толтырып алу мүмкін болмай отыр дейді мамандар.

Ринат Қадырбеков, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

Ең басты құбырымыз бар. Оған 1970 жылдан бері жөндеу жасалмаған. Сондықтан үлкен тозуға байланысты бұл құбырмен біз суды толыққанды бере алмай отырмыз. Бүгінгі күні жалпы 7 атмосфераға дейін қысымын көтеруге болады. Бірақ бүгінгі тозуға байланысты небәрі 5,5-6 атмосфераға дейін ғана көтеріп отырмыз. Егер одан артық қысым беретін болсақ ол құбыр бізде шыдамайды.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу