Жарылыста қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылар жер қойнына табысталды. Кешелі бері аласыпыранда ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің 12 сін соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Жиылған жұртшылық опат болған азаматтардың отбасына көңіл айтып, сабырға шықыруда. Қызметте жүріп, қапияда қаза тапқандардың жанұяларына жан-жақты қолдау көрсетілмек.
Қайғыдан қан жұтқан отбасыларға көңіл айтуға көпшілікпен бірге облыс әкімі мен Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігінің өкілдері де келді. Олар қаза болған азаматтардың отбасына барлық көмек көрсетілетінін жеткізді. Өрт сөндіру бригадаларының басшысы бір күнде бірнеше отбасының қайғысын бөлісуге қатысу өте ауыр дейді
Әлібек Әбсатов, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімі басшысының орынбасары:
Төрт қызметкерімізді бүгін жерледік, Азаңмен сағат тоғыздан бастап, оларды бөлек айтуға болмайды, әрқайсысы жеке тұлға, өйтіп барып көңіл айтқан өте қиын. Бірақ сол жерде дәд сол сәтте сөздер де өзі жүректен шығады. Әкелері де бәрі сұрайтыны балам қайда кетіп ед сменге келмеді деп.
Ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің жерлеу рәсімі мен басқа да шығындары мемлекет тарапынан өтелмек. Ол отбасыларға төленетін арнайы өтемақыдан бөлек тұрғын үймен қамту да мәселесі де шешімін табады.
Бейқұт Жамангөзов, Жамбыл облысы ішкі саясат бөлімінің басшысы:
Қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтамыз қайғырып, ол азаматтар ерлікпен қаза тапты, Барлық мемлекет тапаныан тиісті әлеуметтік көмектер беріледі.
Қазір жарылыс кезінде қаза болып, есімі анықталмаған үш азаматтың жеке тұлғасын анықтау үшін түрлі сараптамалар тағайындалған. Ал із-түзсіз жоғалған құтқарушыларды іздеу жұмыстары күндіз түні жалғасуда. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен саперлар жұмыс істеуде. Жарылыс салдарын жою жұмыстарына мыңға жуық адам жұмылдырылған.
Сәбит Әлдебай