Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасында жарылыс болды

27.08.2021

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті.

«Бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз зат жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы мен өрт сөндіру командасы жұмылдырылған. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері көмек көрсетуде. Өрт ошағының жою жалғасып жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталуда», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.

Хабарламаларға жазылу