Қорғаныс министрі жедел штаб басшыларымен кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрі жедел штаб басшыларымен кеңес өткізді

27.08.2021

Жамбыл облысында әскери бөлімдегі жарылысқа байланысты Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин оқиға орнына барды. Министрліктің арнайы комиссиясы құрылды. Бердібек Сарапбаевтың басшыларымен де Байзақ ауданында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысының әкімімен, Төтенше жағдайлар министрімен, мемлекеттік органдардың жедел штаб басшыларымен кеңес өткізді. Оқиға салдарын жою үшін барлық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қарулы Күштер бөлімшелерінің, төтенше жағдайлар департаментінің, ішкі істер, әкімдіктің, медициналық мекеме қызметкерлері жұмылдырылған. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыс тоқтағанымен, өрт әлі жалғасып жатыр.  

Хабарламаларға жазылу