Байзақтағы жарылыс кезінде жоғалған сарбаздың сүйегі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байзақтағы жарылыс кезінде жоғалған сарбаздың сүйегі табылды

01.12.2022

Байзақтағы жарылыс кезінде жоғалған сарбаздың сүйегі табылды. Ақпаратты оңтүстік әскери қолбасшылығы Тараз гарнизоны растады.

Естеріңізде болса, былтыр тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасында жарылыс болған еді. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 1-еуі ізім-ғайым жоғалған болатын. Кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевті іздестіру жұмыстары 1 жылдан астам уақытқа созылды. Енді қайғылы оқиға болған аумақта шашылған сүйек пен киім қалдықтары табылып отыр. Оған жасалған сараптама жоғалған азаматқа толық сәйкес келетінін анықтады. Марқұмның жақындары Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегін бүгін жер қойнына тапсырады.


Хабарламаларға жазылу