Арыстағы жарылыстан кейін қоймаларды орналастыру тәртібі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы жарылыстан кейін қоймаларды орналастыру тәртібі өзгерді

08.06.2020

Арыстағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін еді. Өрт сөндіру командасы тілсіз жаумен тәулік бойы күресіп, оны дер кезінде ауыздықтады. Бұл туралы бүгін қорғаныс министрлігінің өкілдері айтты. Жарылыстың күшті болғаны сонша, снарядтар тым ұзаққа ұшып, 15 шақырым жерге дейін құлаған. Сол оқ-дәрі түскен жерлердің бірде-біреуінде жарылыс тіркелмеді. Өйткені оқ-дәрілердің бәрі жарғыш білтесіз сақталған. Егер екеуі біргетұрса, жарылыстың салдары ауыр болатын еді. Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында осыдан бір жыл бұрын, яғни маусымның 24-і күні жарылыс болған еді. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 170 адам зардап шекті. 20-ға тарта үй мен 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанған еді.  

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу